key
"Ақмола облысы білім басқармасының Қосшы қаласы бойынша білім бөлімі Қосшы қаласының мектеп-гимназиясы" КММ
КГУ «Школа-гимназия города Косшы отдела образования по городу Косшы управления образования Акмолинской области»

СоцСети

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

Оқу үдерісі

 

Қосшы қаласы мектеп гимназиясында “Ұлттық диктант”жалпы республикалық мәдени-ағартушылық жобасы 17 қазан күні 8-11 сынып оқушылар мен қызметкерлер арасында өтікізілді.

Мақсаты:
Мемлекеттік тілде сауатты жазу дағдысын қалыптастыру, жазу мәдениетін жетілдіру, ұлттық бірегейлікті және тілге деген құрметті арттыру.

Қатысушылар:
8-11 сыныптар бойынша 260 оқушы, ал қызметкерлер арасында 15 пән мұғалімдері қатысты.

Нәтиже:
Диктант барысында қатысушылар мемлекеттік тілде сауатты жазу, пунктуация мен орфографиялық нормаларды сақтау бойынша өз білімдерін көрсетті. Іс-шара жоғары деңгейде өтті, қатысушылар белсенділік танытты.

Қосшы қаласы мектеп-гимназия

Қосшы қаласы, Ақмола облысы бойынша өткен “Жастар” спартакиадасы
9–11 сынып оқушылары арасындағы футбол жарысында Мектеп-гимназия командасы жүлделі II орын иеленді!

🏅 Жаттықтырушысы — Сұлтанғалиев Нұрғиса
🔥 Бұл жарыста 11 “R” сынып оқушысы Досниязов Арнұр* өзінің шеберлігімен көзге түсіп, ”Үздік шабуылшы” атанды!

💪 Жеңіспен құттықтаймыз!
Мектебіміздің атын биікке көтере беріңдер!

✨ 1 ҚЫРКҮЙЕК – БІЛІМ КҮНІ!✨

Бүгін мектебімізде жаңа оқу жылының басталуына арналған «Мектеп – мейірім мекені» атты салтанатты жиын өтті.
Алғашқы қоңырау – әрбір шәкірт үшін жүрекке жақын, ерекше мереке. Биылғы шарамыз қуанышқа, өнерге және ізгі тілектерге толы болды.
Мерекелік бағдарлама барысында «Білімге қадам» атты сахналық қойылым көрсетіліп, «Шаттық» вокал ансамблі әуезді әнін тарту етті. Сондай-ақ, «Кербез» би ансамблі көрермендерді әсем биімен тәнті етті.
Қадірлі қонақтарымыз бен мектеп басшысы жүрекжарды құттықтау лебіздерін білдіріп, жас ұрпаққа сәттілік тіледі.
1-сыныптың кішкентай бүлдіршіндері жаттаған тақпақтарын айтып, көпшіліктің ыстық ықыласына бөленді.
Әр оқушы үшін ерекше сәт – алғашқы қоңыраудың соғылуы болды. Бұл күн – білім мен мейірімге толы жаңа бастамалардың, үлкен жетістіктердің бастауы!

Салтанатты жиынға Қосшы қаласы әкімінің орынбасары Жұмкей Берген Жұмкейұлы қатысып, барша ұстаздар мен оқушыларды жаңа оқу жылының басталуымен құттықтады.

Жаңа оқу жылы құтты болсын!
Барлық шәкірттерімізге толағай табыс, ұстаздарымызға мықты денсаулық пен шығармашылық шабыт, ата-аналарымызға шаттық тілейміз!

"МЕНІҢ ОТАНЫМ МЕНІҢ БАСТАМАМ" атты Республикалық шығармашылық жобалар байқауының облыстық кезеңінен

III орын алғаны үшін Бердібек Қарақат марапатталды құттықтаймыз!!!

 


 

"Отбасымның байлығы - тілдік капитал" отбасылар арасында өткізілген облыстық байқауда I орынға ие болған ағылшын тілі мұғалімі Тасболатова Гульназ марапатталды құттықтаймыз!!!


2023 жылғы 29 қыркүйекте Республикалық Ақберен оқуларының қалалық деңгейде Тайтөбе орта мектебінде өтті. Қосшы қаласы мектеп-гимназиясынан көркем сөз оқу номинациясынан 10 Б сынып оқушысы Аманжол Жансезім 3-орын, эссе жазу номинациясынан 10 Ә сынып оқушысы Амангелді Нұртай 3-орын, ұлттық аспапта ойнау номинациясы бойынша 10 Ә сынып оқушысы Ермахан Дінмұхамед 1-орын, ақындық өнер номинациясы бойынша Тұралы Арайлым 3-орын алды. Жетекшілері қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімі, филология магистрі Зәмзебай Кенже Серікбекқызы. Шешендік өнер номинациясы бойынша 8 Д сынып оқушысы Лес Нұрсая 3-орын алды. Жетекшісі Тлеубек Ақнұр Сәбитқызы. Жүзден жүйрік, мыңнан тұлпар болған үздіктерді құттықтаймыз!!!



Сұрақ қою

Включить данные в подпись

Текст