key
8 Наурыз – Халықаралық әйелдер мерекесі қарсаңында ұйымдастырылған әйелдер арасындағы волейбол турнирінде «Кербез» командасы (Қосшы гимназия мектебі) жоғары ойын шеберлігін көрсетіп, І орын иеленді 🏆👏
Команда мүшелерін жарқын жеңістерімен шын жүректен құттықтаймыз! Спортта да, өмірде де биік белестерді бағындыра берулеріңізге тілектеспіз.

Мектебімізде 8–11 сынып оқушылары арасында «Туберкулез» тақырыбы бойынша диктант жазылды.
Іс-шараның мақсаты – оқушылардың жазу сауаттылығын арттырумен қатар, туберкулез ауруының алдын алу туралы ақпарат беру және денсаулыққа жауапкершілікпен қарауға тәрбиелеу.
Оқушылар диктантқа белсенді қатысып, тақырып бойынша өз білімдерін көрсетті. Денсаулық – әр адамның ең басты байлығы екенін ұғындыруға бағытталған бұл жұмыс маңызды тәрбиелік мәнге ие болды.


Астанада FIDE–ISCF 2026 мектеп командалары арасындағы Әлем чемпионатының Азия кезеңіне Республикалық іріктеу турнирі өтті. Бұл жарыс еліміздің ең мықты мектеп командаларын біріктіріп, халықаралық шахмат аренасына бастар маңызды қадам болды.
Аталған турнирде Қосшы қаласының мектеп-гимназиясы 23 команда арасынан 12-орынды иеленді.
Команда капитаны математика пәні мұғалімі: Тоқмағанбет Бақдәулет
Команда құрамындағы ойыншылардың нәтижелері:
1-тақта: Қуанышбек Әлинұр (6А) – 9 партиядан 7 ұпай
2-тақта: Сейілбек Әбілмансұр (6Ә) – 9 партиядан 5,5 ұпай
3-тақта: Жұмабек Шыңғыс (6Ә) – 8 партиядан 2 ұпай
4-тақта: Бахыт Амина (7Ә) – 8 партиядан 4 ұпай
5-тақта: Мықтыбек Азалия (7Д) – 1 партиядан 0 ұпай
Жекелей нәтиже бойынша 1-тақтада шебер ойын өрнегін көрсеткен Қуанышбек Әлинұр көптеген FIDE Master дәрежесіндегі қарсыластарын артта қалдырып, 9 партиядан 7 ұпай жинап, жалпы есепте 6-орынды иеленді.
Бұл жетістік – жас шахматшыларымыздың табандылығы мен еңбегінің айқын нәтижесі. Командаға алдағы жарыстарда жаңа жеңістер тілейміз! ♟️


№4 Педагогикалық кеңес өтті
Мектебімізде «Білім сапасы: проблема емес, шешімдер алаңы» тақырыбында №4 педагогикалық кеңес ұйымдастырылды.
Кеңестің негізгі мақсаты – білім сапасына әсер ететін өзекті мәселелерді бірлесіп талдап, оларды шешудің тиімді әрі практикалық жолдарын анықтау болды.
🔹 Күн тәртібінде қаралған мәселелер:
▪️ І педагогикалық кеңес шешімдерінің орындалу барысы.
▪️ ІІl тоқсан бойынша 2–11 сынып білім алушыларының білім сапасының көрсеткіштері.
▪️ Білім алушылардың аралық аттестациясы және 9, 11 сыныптардың мемлекеттік қорытынды аттестациясына дайындық мәселелері.
▪️ Мектеп жарғысының талаптарын сақтау.
▪️ 1–6 сыныптардағы гимназия компоненті бағдарламасының орындалу сапасы.
▪️ Оқу жетістіктерін олимпиадалық нәтижелер негізінде мониторинг жасау.
📌 Кеңес барысында педагогтер өзара тәжірибе алмасып, білім сапасын арттыруға бағытталған нақты ұсыныстар мен тиімді әдіс-тәсілдерді талқылады.
🎯 Ортақ мақсат – сапалы білім, саналы ұрпақ!

🌱 ЭКОЧЕЛЛЕНДЖ: СЫНЫПТА ГҮЛ ЕГУ 🌸
Мектебімізде «Экоchallenge» аясында оқушылар сынып бөлмесінде гүл егіп, табиғатты аялауға бағытталған пайдалы іске белсенді қатысты.
Іс-шараның мақсаты – оқушылардың экологиялық мәдениетін қалыптастыру, қоршаған ортаға жанашырлықпен қарауға тәрбиелеу және сынып бөлмесінің эстетикалық көрінісін жақсарту. Гүл егу барысында оқушылар табиғатқа қамқорлық жасаудың маңызын түсініп, өз қолдарымен жасыл орта қалыптастыруға үлес қосты.
Жасыл сынып – жарқын болашақтың бастауы!
АДАЛ АЗАМАТ БІРТҰТАС ТӘРБИЕ БАҒДАРЛАМАСЫ ⚜️


26-27 наурызда Атырау қаласында Binom school мектептер желісінің ұйымдастыруымен Atyrau Teachers’ Summit өтті!
✨ Білім берудегі синергия: Педагогика. Психология. Менеджмент
✨ Atyrau Teachers’ Summit – 2026
Білім беру – бұл тек ақпарат беру емес, бұл – тұлға қалыптастыру, болашаққа жол ашу.
Біз үшін бұл семинар ерекше тәжірибе мен шабыттың көзі болды. Педагогика, психология және менеджменттің бір арнада тоғысуы білім беру жүйесінің жаңа деңгейге көтеріліп келе жатқанын көрсетті.
Семинар барысында біз:
✔ заманауи оқыту әдістерімен таныстық
✔ жасанды интеллекттің білім берудегі мүмкіндіктерін көрдік
✔ оқушы психологиясын түсінудің маңызын тереңірек ұқтық
✔ тәжірибелі спикерлерден құнды ойлар мен мотивация алдық
Ең бастысы – біз тек білім алып қана қоймай, көзқарасымызды өзгерттік. Бүгінгі мұғалім – тек ұстаз емес, ол бағыт беруші, қолдаушы, шабыттандырушы тұлға екенін тағы да сезіндік.
Бұл семинар бізге жаңа идеялар мен жаңа мүмкіндіктерге жол ашты. Алдағы уақытта алған білімімізді тәжірибеде қолданып, әр оқушының дамуына өз үлесімізді қосамыз деп сенеміз 💫
📍 Бірге үйренеміз. Бірге дамимыз. Бірге өсеміз.

🥋 Чемпионат РК по каратэ (WKF) – 2026
С 17 по 23 марта в Караганде прошёл главный национальный турнир среди юниоров и молодёжи (U21).
🔥 Ахмадиев Инсар – золотой призёр! 🥇
Поздравляем с выдающимся достижением и желаем новых побед на международной арене! 💪🏆


🏆 Нурлан Рамазан & Төлеген Бекарыс
Зендокай ММА Каратэ бойынша Әлем чемпиондары атанды!
👊 Жаттықтырушысы: Есенбек Даниал Асылханұлы
🎉 Шын жүректен құттықтаймыз! Сендердің жеңістерің – үлкен мақтаныш! 💛💙
🇰🇿 Алдағы жарыстарда да тек жеңістер тілейміз!

🏅 Мектебіміздің 10 «А» сынып оқушысы Жүсіпов Таймас облыстық «Мағжан оқулары» байқауында I орын жеңіп алып, республикалық кезеңге жолдама алды! 🎉
📚 Жетекшісі: Тлеубек Ақнұр Сәбитқызы 👏
Жетістіктеріңіз үшін оқушымызды және жетекшісін шын жүректен құттықтаймыз! 🌟💛

-сынып оқушысы Орал Әмирали
Зендокай ММА каратэ бойынша Әлем чемпионы атанды! 🥳
Бұл – үлкен еңбектің, табандылық пен қайсарлықтың нәтижесі! 💪
Осындай биік жетістікке жеткен спортшымызды құттықтаймыз!
Жеңістерің көп болып, алар асуларың биік болсын! 🌟🏆
👊 Жаттықтырушысы: Есенбек Даниал Асылханұлы


🏆 ҰЛТТЫҚ ОЙЫНДАРДАН ЖЕҢІС! 🏆
Қосшы қаласы бойынша жалпы білім беретін мектептердің 5–6 сынып оқушылары арасында өткен ұлттық ойындардан қалалық жарыста мектеп-гимназия оқушылары командалық есепте 🥈 II орын иеленді! 👏
🔹 Тоғызқұмалақ жарысы бойынша жеңімпаздар:
1. Орманбек Сұлтан 6 «Ә»
2. Серік Бексұлтан 5 «Д»
3. Қайратқызы Інжу 5 «В»
4. Елубай Жаннұр 6 «Е»
Жетекшісі: Мадетхан Ахбөкен
🔹 Бес асық жарысы бойынша жеңімпаздар:
1. Асқар Жәнел 6 «Ж»
2. Тұралы Әдемі 6 «Ж»
3. Ержан Гүлбаhрам 6 «Ж»
Жетекшісі: Әбілқасым Маржан
Оқушыларымызды шын жүректен құттықтаймыз! 🥈🏆
Жеңістеріңіз көп болсын, алар асуларыңыз биік болсын! 🥰🙌👏👏👏👏✊

Қуанышты жаңалық 🔔🔔🔔
Республикалық “Алтын түлек” олимпиадасында мектебіміздің 11 «Ә» сынып оқушысы Қарқынова Дильназ жүлделі II орын иеленді 🏆👏
Жетекшісі: Токсабаева Эльмира Турсынбаевна 🌟
Осындай жоғары жетістік — табандылық пен еңбектің жемісі! Оқушымыз бен жетекшісін шын жүректен құттықтаймыз! 💐
Алдағы уақытта бұдан да биік белестерді бағындыруға тілектеспіз! 🚀

Қосшы қаласы мектеп гимназиясында “Ұлттық диктант”жалпы республикалық мәдени-ағартушылық жобасы 17 қазан күні 8-11 сынып оқушылар мен қызметкерлер арасында өтікізілді.
Мақсаты:
Мемлекеттік тілде сауатты жазу дағдысын қалыптастыру, жазу мәдениетін жетілдіру, ұлттық бірегейлікті және тілге деген құрметті арттыру.
Қатысушылар:
8-11 сыныптар бойынша 260 оқушы, ал қызметкерлер арасында 15 пән мұғалімдері қатысты.
Нәтиже:
Диктант барысында қатысушылар мемлекеттік тілде сауатты жазу, пунктуация мен орфографиялық нормаларды сақтау бойынша өз білімдерін көрсетті. Іс-шара жоғары деңгейде өтті, қатысушылар белсенділік танытты.
Қосшы қаласы мектеп-гимназия
Қосшы қаласы, Ақмола облысы бойынша өткен “Жастар” спартакиадасы
9–11 сынып оқушылары арасындағы футбол жарысында Мектеп-гимназия командасы жүлделі II орын иеленді!
🏅 Жаттықтырушысы — Сұлтанғалиев Нұрғиса
🔥 Бұл жарыста 11 “R” сынып оқушысы Досниязов Арнұр* өзінің шеберлігімен көзге түсіп, ”Үздік шабуылшы” атанды!
💪 Жеңіспен құттықтаймыз!
Мектебіміздің атын биікке көтере беріңдер!
✨ 1 ҚЫРКҮЙЕК – БІЛІМ КҮНІ!✨
Бүгін мектебімізде жаңа оқу жылының басталуына арналған «Мектеп – мейірім мекені» атты салтанатты жиын өтті.
Алғашқы қоңырау – әрбір шәкірт үшін жүрекке жақын, ерекше мереке. Биылғы шарамыз қуанышқа, өнерге және ізгі тілектерге толы болды.
Мерекелік бағдарлама барысында «Білімге қадам» атты сахналық қойылым көрсетіліп, «Шаттық» вокал ансамблі әуезді әнін тарту етті. Сондай-ақ, «Кербез» би ансамблі көрермендерді әсем биімен тәнті етті.
Қадірлі қонақтарымыз бен мектеп басшысы жүрекжарды құттықтау лебіздерін білдіріп, жас ұрпаққа сәттілік тіледі.
1-сыныптың кішкентай бүлдіршіндері жаттаған тақпақтарын айтып, көпшіліктің ыстық ықыласына бөленді.
Әр оқушы үшін ерекше сәт – алғашқы қоңыраудың соғылуы болды. Бұл күн – білім мен мейірімге толы жаңа бастамалардың, үлкен жетістіктердің бастауы!
Салтанатты жиынға Қосшы қаласы әкімінің орынбасары Жұмкей Берген Жұмкейұлы қатысып, барша ұстаздар мен оқушыларды жаңа оқу жылының басталуымен құттықтады.
Жаңа оқу жылы құтты болсын!
Барлық шәкірттерімізге толағай табыс, ұстаздарымызға мықты денсаулық пен шығармашылық шабыт, ата-аналарымызға шаттық тілейміз!
"МЕНІҢ ОТАНЫМ МЕНІҢ БАСТАМАМ" атты Республикалық шығармашылық жобалар байқауының облыстық кезеңінен
III орын алғаны үшін Бердібек Қарақат марапатталды құттықтаймыз!!!


"Отбасымның байлығы - тілдік капитал" отбасылар арасында өткізілген облыстық байқауда I орынға ие болған ағылшын тілі мұғалімі Тасболатова Гульназ марапатталды құттықтаймыз!!!


2023 жылғы 29 қыркүйекте Республикалық Ақберен оқуларының қалалық деңгейде Тайтөбе орта мектебінде өтті. Қосшы қаласы мектеп-гимназиясынан көркем сөз оқу номинациясынан 10 Б сынып оқушысы Аманжол Жансезім 3-орын, эссе жазу номинациясынан 10 Ә сынып оқушысы Амангелді Нұртай 3-орын, ұлттық аспапта ойнау номинациясы бойынша 10 Ә сынып оқушысы Ермахан Дінмұхамед 1-орын, ақындық өнер номинациясы бойынша Тұралы Арайлым 3-орын алды. Жетекшілері қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімі, филология магистрі Зәмзебай Кенже Серікбекқызы. Шешендік өнер номинациясы бойынша 8 Д сынып оқушысы Лес Нұрсая 3-орын алды. Жетекшісі Тлеубек Ақнұр Сәбитқызы. Жүзден жүйрік, мыңнан тұлпар болған үздіктерді құттықтаймыз!!!



